
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол табушы. Бұл сөздер біздің мектебіміздің білімді де білікті ұстазы Нұрмаханова Күлзада Мырзахметқызына арналғандай. Шәкіртінің жүрегіне жол таба білген талантты ұстазымыз талапты, дарынды шәкірттерімен түрлі додалардан топ жаруда.
Нұрмаханова Күлзада Мырзахметқызы 2005 жылдан бастап Е.Н.Әуелбеков атындағы №4 Қызылорда облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді.
Түрлі облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы.
Оқушылары да осал емес. ҰБТ-ға дайындауда мол тәжірибесі бар,талай түлектердің жоғары нәтижеге жетуіне үлес қосып келе жатқан тәжірибелі ұстаз.
Нұрмаханова Күлзада Мырзахметқызы білім беруді дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан, педагогикалық қызметте білім мен тәжірибені тиімді пайдаланатын педагог ретінде өз ісінің кәсіби маманы болып табылады, өзінің үздік тәжірибесімен оқушылар мен жас мұғалімдерді білім беру саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырады.