
ТАЛДЫҚОРҒАНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
2 маусымда Талдықорған қаласында білім беру ұйымдарына арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша көшпелі семинар өтті. Іс-шараны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы бірлесе ұйымдастырды.
Семинардың басты мақсаты – білім беру мекемелері басшыларына еңбек қатынастары, жалақы мен демалыс, аттестация және әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Көшпелі жиынға ЖОО, колледждер, мектептер, балабақшалар мен спорттық ұйымдардың басшылары, орынбасарлары, экономистері және бухгалтерлері қатысты.
Шара барысында Жетісу облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Еркін Даулетұлы, Жетісу облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ахметбаев Айбол Болатұлы, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Семинар ашық форматта өтіп, қатысушылар мамандарға тікелей сауал қою мүмкіндігіне ие болды. Жиын барысында еңбек қатынастарына байланысты өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибелік кеңестер берілді.
Кәсіподақ өкілдері бұл шараның әлеуметтік әріптестікті нығайту мен еңбек заңнамасының дұрыс қолданылуына оң әсер ететініне сенім білдірді.
«Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-