
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы Талдықорған қаласының №45 «Арман» балабақшасының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Айым Ерікқызы «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар» туралы ақпарат беріп, сала қызметкерлерін заңсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
Кездесу соңында Талдықорған қаласының №45 «Арман» балабақшасының меңгерушісі Мамекова Ултуар Мухамеровна сөз алып, балабақша әкімшілігі осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі шаралар ұйымдастырғанын айтып, қауіпсіз орта қалыптастыруда әлі де жұмыс жүргізетінін жеткізді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы