
КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ШИПАЖАЙДА
✅Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен ауданның білім беру мекемелерінде еңбек ететін 20-ға жуық кіші қызметкер “Юкон” шипажайында тынығып қайтты.
🖇️Күнделікті тынымсыз еңбек, тазалық пен тәртіпке жауапты жұмыстан кейін шипажайда демалу – қызметкерлер үшін үлкен қуаныш болды. Емдік шаралар мен табиғат аясындағы тынығу олар үшін денсаулықты нығайтып қана қоймай, сергектік пен жігер сыйлады.
🧩Кіші қызметкерлер кәсіподақ ұйымына еңбек адамын елеп, көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын жеткізді.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-