
КӘСІПОДАҚ – БҰЛ КОМАНДА!
Қарағанды облыстық ұйымының Қазыбек би ауданы комитеті филиалы Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарының басшыларына «Жартас» демалыс аймағына бір күндік әдемі демалыс ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты – командалық рухты нығайту, демалыс мәдениетін дамыту, сондай-ақ оқу жылы бойы аянбай еңбек еткен мектеп директорларына, филиалдың әлеуметтік әріптестеріне алғыс білдіру болды.
Қатысушылар үшін қызықты бағдарлама дайындалды: спорттық эстафеталар, командалық ойындар, шығармашылық байқаулар, мазмұнды пікір алмасулар және шынайы достыққа толы көңілді атмосфера.
Осы күннің әр сәті кәсіподақ – тек құқық қорғау ұйымы ғана емес, сонымен қатар бірлік, қолдау мен шабыт алаңы екенін дәлелдеді.
Демалушылар ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде шара өткізіп, көтеріңкі көңіл күй мен жаңа идеялар сыйлағаны үшін шексіз алғыс білдірді.
Мұндай шаралар – жақсы дәстүрге айналып, әлеуметтік қолдау мен серіктестікті дамытудың маңызды құралы бола бермек.
Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Марал Кашенова
-
Фотографии
-