
КӘСІПОДАҚПЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС — ЭМОЦИЯ, ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІРЛІК!
Оқу жылы аяқталғаннан кейінгі кезең белсенді демалысты ұнататындар үшін нағыз жан сергітер сәт. Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай таулары мен ормандары, Топар, Теміртау демалыс орындары мен Қарағанды өңірінің көрікті табиғат бұрыштарына саяхаттар ұйымдастырып өз ұжымдарына ерекше әсер сыйлады.
Таудағы және ормандағы серуендер, атқа міну, катамаранмен жүзу, таза ауадағы ойындар, отта дайындалған тағам, өзен мен көл жағасындағы тынығу, кешкі би кештері — мұның бәрі қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды!
Бұл жай ғана демалыс емес — күнделікті күйбеңнен алшақтап, сергіп, нағыз ұжымдық достықты нығайтуға мүмкіндік.
🤝 Жазғы демалысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, бастама көтерген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына үлкен алғыс білдіреміз!
Мұндай сапарлар кәсіподақтың жақсы дәстүріне айналды және жалғаса беретін болады.
Хасенова Меруерт, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фотографии
-