
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ - БАЛА ҚУАНЫШЫНЫҢ МЕКЕНІ
2025 жылдың 19 маусым күні Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің балалары Текелі қаласындағы "Алтын Чажа" сауықтыру лагерінде демалуға мүмкіндік алды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен, балалардың демалысын мазмұнды әрі пайдалы өткізу үшін, дәстүрлі түрде жыл сайын осындай игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Табиғаты көркем, таза ауасымен танымал "Алтын Чажа" лагерінде кәсіподақ мүшелерінің балалары туған жер табиғатын тамашалап, таза ауада демалады.
Бұл – тек балалар үшін емес, ата-аналар үшін де үлкен қолдау мен қуаныш сыйлаған маңызды бастама.
Балаларымызға жақсы демалыс тілейміз!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-