
ЖАНҒА ДАУА БІР КҮН
Жаз. Жаз мезгілі – кез келген жан үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Шуақты күндер. Айналаны өзінің сұлулығымен, әсемдігімен баурап алатын алуан-алуан гүлдер, тамаша табиғат- нағыз демалыс уақыты. Жазғы демалыс –жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Әр адам үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Осындай мезгілде біз де, «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ» КММ ұстаздары, бір күндік демалысқа барып қайттық.
Демалыс өте көңілді өтті. Бір күн болса да күйбең тірлікті ұмытып, балаша қуандық. Жадырап билеп, сызылта ән салдық. Суға түсіп жан тыныштығына кенелдік. Күнделікті жұмыс барысында сіз –бізіміз жарасып, амандық сұраумен шектелетін болсақ, осындай демалыста шынайы ықыласпен жайылған дастарқан барысында арқа-жарқа әңгімелесіп, жадырай күлгенге не жетсін?! Жанға дауа демалыс ұжымның бірілігін нығайтуға өз септігін тигізері сөзсіз. Тіпті қанша араласып, сыйласып жүрсеңде ұжымдасатарыңның небір тамаша қырларын шаттыққа толы демалыста көре аласың. Жаныңда жүрген жанның жаңа қырларын ашасың.
Жазғы демалыс - дене және ақыл – ой қызметін тынықтыратын, қарым – қуатты жетілдіретін іс – әрекетке жұмсалуы жөн десек, біз бір күндік демалыста осы меже төңірегінен шықтық деуге әбден болады. Бізге тамаша демалыс сыйлаған аудандық кәсіподақ ұйымына ризашылығымызды білдіреміз.
Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы