
САРҚАН АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жылдың басында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасаған болатын.
Осы келісім негізінде Жетісу облысына қарасты барлық аудан, қалаларды аралап, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіндегі жұмыс берушінің міндеттерін түсіндіру, еңбек қатынастарындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында көшпелі семинар ұйымдастырды.
Аталған шара Сарқан ауданында жалғасып, білім беру мекемелерінің басшылары, орынбасарлары, есепшілері мен кадрға жауапты өкілдері қатысты.
Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, жүргізді.
Еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған шарада Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік еңбек инспекторы Чингиз Абишев, Сарқан ауданы прокурорының орынбасары Әділет Сабырбаев, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер –кеңесшісі Әсет Қайырхан баяндама жасап, еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек шарттарын реттеу, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша мол мағлұмат берді. Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға толық жауап беріп, пікір алмасты.
Айта кетейік, облыс көлемінде өткен шараға жалпы саны алты жүз адам қамтылып, құқықтық сауаттылықты арттыру жұмысы өз мәресіне жетті.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-