
БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ
25 маусым күні Абай атындағы оқушылар орталығында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мерейтойына арналған «БІЛІМ, ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯ: 50 жылдық жетістіктер мен болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараның мақсаты: Кәсіби білім беру саласындағы озық тәжірибелерді талқылау және бөлісу, инновациялық шешімдерді енгізу арқылы колледждің 50 жылдық жетістіктерін атап өту.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау және болашақ дамудың жаңа бағыттарын айқындау.
Жиын барысында шеберлік сыныптары, секциялық жұмыстар, мерекелік жиындар, сондай-ақ, ардагер ұстаздар, үздік оқытушылар мен студенттерді марапаттау рәсімі өтті.
Заман талабына сай колледжі тек отандық қана емес, шетелдік серіктестермен де тығыз байланыс орнатып келеді. Колледждің халықаралық деңгейде жұмыс жасап, өзге елдермен – Қытай, Франция, Грузия, Ресей секілді мемлекеттермен – ынтымақтастық орнатуда.
Салтанатты жиналыстың ашылу рәсімінде барша ардагерлер мен оқытушы құрамды колледж директоры Тұхфатолла Жұмағазиев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева және онлайн арқылы Ставраполь өлкесіндегі, Қытай Халық Республикасындағы әріптестері құттықтады.
Құттықтау сөзге қатысқан «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы бір топ ардагерлер, ұстаздар және қызметшілерге «Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің «Кәсіподақ ардагері», «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» төсбелгілерін, «Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің «Құрмет грамотасы», Алғыс хаттарын және «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Құрмет грамотасы», Алғыс хаттарын және облыстық ардагерлер кеңесінің «Тәлімгер» «Хиуаз Доспанова» медальдарін табыс етті.
Білім ұясының елу жылдық қарышты қадамы туралы республикалық салалық кәсіподақтардың басылымы «Ustazdyq enbek» газетінің 25 маусым № 12 (201) санында толығырақ материалдар берілді.
Мерейтойға арналған салтанатты шара соңы колледжі көркемөнерпаздарының әсем концертіне ұласты.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі
-
Фотографии
-