
«МЕН КӘСІПОДАҚТАМЫН, СЕБЕБІ...» АКЦИЯСЫ
Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы - Маңғыстау ауданы «Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Кәсіподақ – тек жеке қызметкерлердің ғана емес, бүкіл ұйымның тұрақты әрі әділ еңбек қатынасын қалыптастырудағы сенімді серігі екенін түсінген мектеп ұжымы 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне өтті.
Кәсіподақ - менің еңбек құқығымды, қадір-қасиетімді және әл-ауқатымды қорғайтын тірегім!
Мен–білім саласының қызметкерімін, құқығымның қорғалғанын қалаймын, әділдік пен қолдауды сезінгім келеді, даусым естіліп, талабым ескерілгенін қалаймын, кәсіби дамуға мүмкіндік іздеймін.
Кәсіподақ ұйымы арқылы – мектеп ұжымының тілектерін басшылыққа жеткіземін, даулы жағдайлар туындаса, әділ шешім табуға атсалысамын, ұжымдық келісімшарттың орындалуын бақылап, қажет болса жаңартуға бастамашы боламын.
Кәсіподақ - педагогтер мен қызметкерлер мүддесін қорғап, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуына ықпал етіп, күнделікті еңбек жағдайын жақсартуда, заңнамалық өзгерістерге әсер етуде, кәсіби дамуға мүмкіндік жасауда маңызды ұйым болғандықтан, мен кәсіподақ мүшесімін.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы