
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ — ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ КЕПІЛІ
Қызылорда облысы Шиелі ауданында облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің заңгері мен есепшісі қоғамдық қабылдау өткізді.
Бұл шара барысында білім саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды. Әсіресе еңбек демалысына төленетін төлемдердің дұрыстығы, жұмыс шарттары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы мәселелер жиі көтерілді.
Қоғамдық қабылдау кәсіподақ мүшелері үшін маңызды мәселелерді дер кезінде шешуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған тиімді алаңға айналды.
Кәсіподақ – әрдайым мүшелерінің құқығы мен мүддесін қорғауда!
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-