
ЕҢБЕК АДАМЫ
📚«Ұстазды алтын діңгекке балар едім» деген Ыбырай Алтынсариннің сөзі көп жылын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардақты жандарға арналып айтылғандай. Солардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы.
📜Айкенже Жалмағанбетқызы 1970 жылы Шалқар қаласында дүниеге келіп, Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институтта білім алған. Ұстаздық жолын 1989 жылы бастаған ол 1992 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп келеді. Білім мен тәрбие беруді өмірлік миссиясына айналдырған ұстаз бүгінде бірнеше буын түлек тәрбиелеп, жас мамандарға жол сілтеп жүрген білікті маман.
📄Ұзақ жылғы еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол – Республикалық «Ozattar» энциклопедиясына енген үздік педагог, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері. Сонымен қатар «Kaztest.kz», «ПедСтарт», «Поли МАТ» сынды республикалық байқаулардың жеңімпазы.
🖇️Айкенже Жолдасова жүзінен шуақ, жүрегінен жылу төгілетін шынайы еңбек адамы. Оның шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаз атанып, әр салада жемісті еңбек етіп жүр. Ұстаз үшін бұдан асқан марапат бар ма?! Еңбектің шынайы жемісі ұрпақ жүрегінен орын алу болса, Айкенже Жолдасова да сол биіктен көрініп жүрген абзал жан.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-