
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
🪷Жаз – тынығу мен сергіп, жаңа күш жинайтын мезгіл. Осы орайда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен білім саласының қызметкерлері үшін жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру шаралары қолға алынды.
🌿Кәсіподақ мүшелерінің бір бөлігі Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе және Оңтүстік өңірлердегі шипажайларға барып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды. Шипалы суы мен тыныс алу жолдарына пайдалы табиғи климаттық жағдайлары арқылы бұл орындар мұғалімдер үшін нағыз сауығу мекеніне айналды.
🪵Ал тарихи-танымдық сапарды қалайтындар Бурабай, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау мен Қызылорда өңірлеріне аттанып, еліміздің киелі жерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл сапарлар ұстаздардың мәдени танымын кеңейтіп, рухани азық алуына ықпал етуде.
🏋️Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымы тарапынан кейбір қызметкерлерге қаламыздағы заманауи фитнес клубтарға жолдамалар ұсынылып, салауатты өмір салтын ұстануға қолдау көрсетілді. Ал табиғат аясында тынығуды жөн көргендер Қарғалы ауданындағы көрікті Қасқыр сарқырамасына демалыс сапарымен баруға мүмкіндік алды.
📚 Айта кетейік, білім беру саласында қажырлы еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелерінің демалысын мазмұнды ұйымдастыру – кәсіподақ ұйымдарының басты назарында.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-