
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы ХХVII съезінің делегаты туралы
Таныс болыңыздар!
Кыркабакова Жанна Кожагелдиевна- индустриалды-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, төрағасы.
Жанна Кожагелдіқызы 2018 жылдың 1 маусымынан бастап Арал индустриалды-техникалық колледжінің төрағасы болып келеді. 97 кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік мәселелерін шешуге көп еңбек сіңіріп жүрген төраға.
Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына жан-жақты көңіл бөлінген ұжымдық шарт жасалып жұмысшыларының мүддесін қоғаудағы қажырлы қызметі де ескерусіз қалған жоқ. Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.
Жанна Кыркабакова үш авторлық бағдарламаның авторы және Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Білім беру үздігі» төс белгісіне ие болған. «Білім-ғылым-инновация ізденіс және тәжірибе» Республикалық ғылыми-әдістемелік материалдар байқауында «Үздік сабақ жоспар» номинациясымен және Республика бойынша ұстаздар арасында ұйымдастырылған «Үздік педагог» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кәсіподақ көшбасшысы Жанна Кожагелдиевнаны әріптестері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХVII cъезіне делегат етіп сайлады.