
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТЫ ТУРАЛЫ
Таныс болыңыздар!
Изкенов Куандык Жакыпович Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінде математика пәні мұғалімі, Қызылорда облыстық «Жастар кеңесі» төрағасы.
Куандык Жакыпович 10 жылдай «Жас қанат» жастар кеңесінде төрағалық қызметін атқарды. Жастардын санын 1250 адамға жеткізіп, еңбекші жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың кәсіби өсуіне, әлеуметтік қорғалуына, шығармашылық пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту, белсенді кеңес мүшелерін ынталандыру, жас мамандарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру бағытында көп еңбек сіңіріп жүрген азамат. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық «Жастар кеңесі» төрағалық қызметін атқаруда.
Бүгінде Кәсіподақ жастармен қарым-қатынасы тек ресми іс-шаралармен ғана шектелмей, сенімге, қолдауға, серіктестікке негізделуі қалыптасқан.
Соның нәтижесінде жастармен жүйелі жұмыс жүргізу, еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына мүмкіндіктер жасалған. Куандык Жакыпович ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан «Білім және Ғылым кызметкерлерінін кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Мұғалімдік қызметте білім берген шәкірттері ҰБТ-дан жоғары нәтижеге жетіп,пәндік олимпиададан аудандық,облыстық,республикалық деңгейге дейін жетіп,үздік нәтиже көрсетіп жүр.
Кәсіподақ көшбасшысы Куандык Жакыповичті әріптестері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХVII cъезіне делегат етіп сайлады.