
БАЯНАУЫЛҒА САЯХАТ
Қарағанды қаласының технология және сервис колледжінің ұжымы жазғы мезгілдің тамаша күндерін тиімді пайдаланып, Баянауылдың әсем табиғат аясында демалыстарын өткізуде. Бұл демалыс ұжым үшін тек сергіп, тынығу ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен жақынырақ танысып, қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мүмкіндік болды.
Баянауыл – табиғаты көркем, тарихи-мәдени орындарға бай аймақ. Колледж ұжымы сол өңірдің көрікті жерлерін аралап, тау-тасты кезіп, көл жағасында демалып, серуендеп, жағымды әсер алды. Ұжым мүшелері түрлі спорттық ойындарға қатысып, кешкі от басында ән айтып көңіл көтерді.
Осындай ұжымдық іс-шаралар бірлікті арттырып қана қоймай, ортақ мақсатқа ұмтылуға, шығармашылық шабытты оятуға, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Колледж басшылығы мен кәсіподақ ұйымына осындай мағыналы, жан сергітер демалысты ұйымдастырғаны үшін зор алғыс білдіріледі.
Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-