
ШИПАЖАЙДАҒЫ ШИПАЛЫ ДЕМАЛЫС
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен 60-қа жуық кәсіподақ мүшесі Жамбыл өңіріндегі «Мерке-Радон» шипажайында денсаулықтарын нығайтып, жазғы демалысын өткізді.
Шипажайдағы демалыс білім саласы қызметкерлерінің денсаулығын жақсартып қана қоймай, жаңа оқу жылы алдында күш жинауына мүмкіндік береді. Табиғаты көркем, ауасы таза мекенде өткізілген бұл сапар әрбір қатысушы үшін қуат сыйлап, жағымды әсер қалдырды.
Кәсіподақ мүшелері емдік шаралардан өтіп, минералды сулар мен табиғи емдік балшықтың пайдасын көрді. Сонымен қатар, спорттық, мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылып, қатысушылардың бос уақыты мазмұнды әрі көңілді өтті.
Бұл облыстық кәсіподақ ұйымының педагогтардың әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының айқын көрінісі. Мұндай қамқорлық ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне деген құрметті еселей түседі.