
КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ДЕМАЛЫСЫ
Ақтөбе облысында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымы жыл сайынғы игі дәстүрді жалғастырып, колледж қызметкерлері мен ардагер ұстаздарға арналған Соль-Илецк қаласындағы Тұзды көлге демалыс ұйымдастырды.
Бұл демалыстың басты мақсаты көп жылғы еңбегі сіңген ардагерлер мен ұжым мүшелеріне сергектік сыйлап, олардың денсаулығын нығайтуға жағдай жасау. Табиғи тұзды суы мен шипалы балшығымен танымал Соль-Илецк көлінің жағасында демалушылар бір сәт күнделікті күйбең тірліктен алыстап, табиғат аясында тынығуға мүмкіндік алды.
Демалушылар көтеріңкі көңіл-күймен, жақсы әсермен оралды. Олар көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін колледж басшылығы мен кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.
-
Фотографии
-