
МАҢҒЫСТАУДА КІР ЖУУ ОПЕРАТОРЛАРЫ ОҚЫТЫЛДЫ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы мен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамы мектепке дейінгі ұйымдардың кір жуу операторларына онлайн форматта оқыту курсын ұйымдастырды.
Атап айтатын болсақ, оқыту курсы барысында қызмет көрсетілетін кір жуғыш машиналардың құрылысы және пайдалану ережесі;
-қызмет көрсетілетін кір жуу машиналарында киім-кешекті, арнайы киімді және бұйымдарды жуудың технологиялық процесін жүргізу қағидалары;
- кірдің, арнайы киімнің және бұйымдардың ластану дәрежесіне байланысты тиеу және түсіру ережесі;
- әртүрлі жуу және өңдеу ерітінділерінің атауы, құрамы, рецептурасы және дайындау тәсілдері;
- ағартатын ерітінділердің дозасы;
- өңделетін киімдердің, арнайы киімдердің және бұйымдардың түрлері және жабдықты тазалау ережелері айтылды.
Облыс бойынша онлайн форматта оқыту курсына 200-ге жуық кір жуу операторы қатысты. Соның ішінде, Мұнайлы ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың кір жуу операторларына сертификат тапсыру рәсімі өтті. Операторлар өз кезегінде курс ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы кәсіподақ филиалы