
КӘСІПОДАҚ - ДӘСТҮРЛІ НАУҚАННЫҢ ДӘНЕКЕРІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды мектепке дайындау – қоғам назарындағы маңызды мәселелердің бірі. Елімізде өсіп келе жатқан жас буынға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында түрлі әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылып келеді.
Солардың бірі – жыл сайын дәстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясы.
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті де аталған акция аясында ауқымды қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Нәтижесінде, өңірдегі білім, ғылым және тәрбиелеу саласында еңбек етіп жүрген 1400-ден аса қызметкердің балаларына оқу құралдарымен жабдықталған мектеп сөмкелері табысталды.
Бұл тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар балалардың жарқын болашағына деген сенімін нығайтып, әріптестерге деген зор құрмет пен моральдық қолдау деп білеміз.