
КӘСІПОДАҚТАН «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
Осындай ізгі ниетпен Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық кәсіподақ ұйымы бұл игі шараға қолдау білдіріп, ортақ қуанышқа ортақтасты. Бүгінгі шарада көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ жалғызбасты аналар мен әкелердің үміт артқан перзенттеріне мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табыс етілді.
Бұл – жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетілген нақты көмек, үлкендердің балаларға деген ыстық ықыласы мен қамқорлығының айқын көрінісі.
Балалардың қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, шаттыққа бөленген сәттері біз үшін зор марапат!
Балалар аман, білім жолындағы қадамдары берекелі болсын!
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподағы