
ЕҢБЕК АДАМЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасының бір тарауы сол еңбек адамынан басталады. Адал азамат дегеніміздің өзі жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қоятын тұлға. Осындай қасиеттерге ие, бірнеше жыл білім саласында адал еңбек етіп жүрген жан-Нұрханова Мира Мергенқызы.
Мира Мергенқызы Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде 1999 жылдан бастап тарих пәнінің мүғалімі ретінде, ал 2006 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда.
26 жылдық іс-тәжірибесінде шәкірттерге сапалы білім, тәрбие беруде тынбай, ізденпаздықпен еңбек етіп келе жатқан ұстаз. Мира Мергенқызы ұстамды, талапшыл, жаңашыл, өнерлі, ұйымдастыру қабілеті жоғары өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман.
Кәсіби еңбек жолында нәтижеге жеткен, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, патриоттық тәрбие және адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп, қызмет етіп жүрген шығармашыл, іскер ұстаз. Базалық білімі тарихшы болғандықтан, колледж жастарына өскелең ұрпақтың патриоттық сезіміне, өмірдегі өтіп жатқан саяси құбылыстарына, тақырыптық кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыра отырып, ұлтының тарихын білетін, елдің ертеңін ойлайтын жас мамандар дайындап, алдына мақсат қоя білетін жастарды тәрбиелеуде.
Әрбір білім ордасының мақсаты тек білім беру емес, өйткені «тәрбиесіз берілген білім, білім емес» деген ұранмен өз жұмысында, буыны жаңа қатып, мінезі қазір қалыптасып келе жатырған, колледж қабырғасына түскен балалармен жұмыс жасауда.
26 жылдық үздіксіз еңбек жолында түрлі марапаттармен еңбегі еленген.
Бүгінде колледж студенттерінің бойына адами, патриоттық құндылықтарды сіңіріп, тәрбиелеп, әрқайсысының өз жолын тауып кетуіне себепкер болып отырған Мира Мергенқызының білім алушылардың алдында абыройы асқақ, мерейі үстем.
Адал еңбек, маңдай терін бағалаған ұжымдастары да оның еңбегін жоғары бағалап, құрметтейді.
Р.Рзаева,
Маңғыстау облысы, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы