
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының қолдауымен, жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облыстық ұйымы кәсіподақ мүшелеріне арнап дәстүрлі «Мектепке жол»республикалық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп “Дочки-сыночки” балалар әлемінің сертификаттары табыс етілді.
Бұл игі бастама балалардың қуанышын еселейтіні және білім жолында табысты болуына септігін тигізетіні сөзсіз.
Жақсылыққа бастайтын осындай қайырымды істер жалғасын таба берсін!
Кәсіподақ әрқашан қамқорлық пен сенімділік кепілі болып қала бермек !