
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында өткен тамыз кеңесі білім беру саласындағы жаңа жетістіктерге жол ашқан маңызды оқиға болды. Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айгүл Мусина құттықтау тілегін білдірді.
Глубокое ауданы білім мекемелерінің жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екендігі сараланды.
Жыл сайынғы дәстүрлі байқаудың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:
Бас жүлде – «О.Бөкей атындағы орта мектебі» КММ;
1-орын – «Белоусовка бастауыш мектебі - балабақша кешені» КММ;
2-орын – «М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ және «Опытное поле ауылының балалар музыка мектебі» КҚМК;
3-орын – «Малоубинка орта мектебі» КММ.
Жеңімпаз мекемелер Мақтау грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Глубокое ауданының барлық білім ұялары жаңа оқу жылына әзір. Ұжымдарға шығармашылық шабыт, толағай табыс және білімге құштарлыққа толы жыл тілейміз!
Шығыс Қазақстан жергілікті кәсіподағы
-
Фотографии
-