
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – КӘСІПОДАҚТАН ҚАМҚОРЛЫҚ
Дәстүрге айналған жыл сайынғы «Мектепке жол»республикалық акциясы аясында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бастамасымен Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлері жергілікті кәсіподақ ұйымы игі іс-шара ұйымдастырды.
Әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған бұл қайырымдылық шарасы аясында облыстық кәсіподаққа тікелей қарасты білім беру ұйымдарында оқитын 60 оқушы жаңа оқу жылына қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді.
Игі бастама балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсетуді мақсат етеді. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткізіліп отырған бұл шара ұстаздар қауымының қоғам алдындағы жауапкершілігін және бірлік-берекесін айқындай түседі.
«Мектепке жол»акциясы мұнымен шектелмей, Ұлытау облыстық кәсіподақ ұйымының барлық қалалық және аудандық филиалдарында да өз жалғасын тапты.