
АЛАКӨЛ АУДАНЫНА ІССАПАР
Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының бас мамандары Алуа Қабдулова мен Маржан Қайратқызы Алакөл ауданына іссапармен барып, бірқатар мемекенің еңбек ұжымымен кездесті.
Алғашқы болып Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесті. Облыстық ұйымының өкілдері кәсіподақтың атқарған жұмысын таныстырып, маңызды бағыттары бойынша түсіндіріп берді.
Одан кейін, Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатына атбасын бұрып, сала қызметкерлерімен дидарласты.
Нәтижесінде, облыстық кәсіподақтың құрамы артып, екі бастауыш ұйымымен толықты.
Сонымен қатар, Алакөл аудандық филиалдың жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-