
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
«Мектепке жол» акциясы әр бала мектепке баруға құқылы екенін еске салып, олардың сапалы білім алуға деген жолын ашатын маңызды бастама.
Алматы қаласындағы Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы да акцияға белсенді қатысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғыз басты аналардың балаларына мектеп сөмкелері мен құрал жабдықтар табыстады.
Білім – болашақтың кілті. Бала – еліміздің ертеңі. Баршаларына жаңа оқу жылында зор табыс, мықты денсаулық және мол мүмкіндіктер тіледік!