
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕКТЕН – ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕ
Өнегелі өмір жолында сыйластық пен достықтың үлгісін көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар, бір салаға талай жылын арнап, сол бір жұмыстың тасын өрге домалатып, кішкентай бүлдіршіндер үшін бар білімі мен еңбегін аямаған жан Мұнайлы ауданы бойынша №5 «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Назарбаева Турах Сансызбайқызы.
Турах Сансызбайқызы кәсіподақтың белсенді мүшесі. Кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылған шаралар мен қайырылымдылық акцияларынан шет қалмай, әрдайым қолдау білдіреді. Қарапайым болмысы мен адал еңбегі ұжымға үлгі.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен тәрбиеші Назарбаева Турах Сансызбайқызының зейнеткерлікке шығуына орай сый-құрмет көрсетілді.
Кеш барысында тәрбиеші Турах Сансызбайқызына жылы лебіздер айтылып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.
Р.Текеева,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы кәсіподақ филиалының төрағасы.