
БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Кәсіподақтың негізін бастауыш ұйым құрайды. Сала қызметкерлерінің құқығын қорғауда бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының ықпалы зор. Олардың жыл сайын білімін жетілдіру, қажетті семинарлар ұйымдастыру Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының негізгі бағыттарының бірі.
Жаңа оқу жылының басталған шағында Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу өтті.
Оған Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов пен заңгер – кеңесшісі Әсет Қайырхан арнайы қатысты.
Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Құлмұханұлы барша сала қызметкерін жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын көпшілікке таныстырып, республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында көтерілген мәселелерді айтып, кәсіподақтың алдағы мақсаты мен міндетін айқындар, атқарылған жұмысты жан-жақты таныстырды.
Кездесу барысында облыстық ұйымның заңгер –кеңесшісі Әсет Қайырхан «Еңбек кодексі», «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Кәсіподақ туралы» Заңдарын талқылап, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында туындаған мәселелерді уақытында шешу жолдарын қарастырып, шараға қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Дуанаев бастауыш ұйымдарында жұмысты жандандыру үшін қажетті құжаттар тізімін пысықтап, құжат алмасуда тиімді жолдарды қарастырды. Сонымен қатар, сала қызметкерлерін кәсіподақ мүшелігіне кіргізу барысында өтініштің дұрыс толтырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Кездесу соңында бастауыш кәсіподақ төрағаларына әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Жетісу облыстық ұйымы
-
Фотографии
-