
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
2013 жылдан бастап елімізде қаркүйек айының екінші жексенбісі «Ұлттық отбасы күні» ретінде ерекше аталып келеді. Атаулы күн қарсаңында Қызылорда облыстық білім саласы ардагерлері кеңесінің ұйымдастыруымен қаламыздағы «Отбасы орталығында» ұрпақтар сабақтастығын ұлықтайтын маңызды шара өтті.
Басқосу білім саласында сан жылдар еңбек етіп, бейнеттің зейнетін көріп отырған «Гаухар той» мен «Алтын той» иелері ардақталып, құрмет көрсетілді. Аймағымыздың аудандарынан келген орнықты отбасының иелері өз өміржолдарының тәрбиелік тұстарымен бөлісіп, сый-сияпатқа бөленді.
Білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы өз кезегінде саналы ғұмырын білім беруге арнап, бүгінде ұрпақтарының қызығына кенеліп отырған ардагер ұстаздарды арнайы құттықтады.