
ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА АРНАЛҒАН КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ
ШҚО Глубокое аудандық білім беру ұйымдарының кәсіподақ ұйымы игі шара ұйымдастырып, «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында еңбек адамдарын ерекше қуантты.
Атап айтқанда, аудандағы білім беру мекемелерінің кіші қызметкерлеріне Алакөлде 6 күндік ұмытылмас демалыс ұйымдастырылды. Демалысқа қатысушылар таза табиғат аясында тынығып, көл суына шомылып, денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек күйде оралды.
Қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Демалушылар кәсіподақ ұйымына алғыс білдіріп, мұндай демалыстар игі дәстүрге айналса екен деген тілектерін жеткізді.
Кәсіподақтың бұл бастамасы — еңбек адамдарын шынайы бағалаудың көрінісі. Осындай жарқын демалыстар алдағы уақытта да жалғасын тапсын деген ниеттеміз!
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-