
КӘСІПОДАҚ – ҚОЛДАУШЫ
Жаңа оқу жылында тарификацияны бекіту кезінде дене шынықтыру бірлестігінде сағат санының азаюына, бастауыш сынып бірлестігінде сынып санының азаюына байланысты мәселе туындады. Осы мәселеге Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы мамандары атсалысып, оң шешімін тапты. Тарбия Анайбекқызы бастаған облыстық кәсіподақтың ұйымына және білікті құқықтық қызмет мамандарына айрықша алғысымды білдіргім келеді.
Кәсіподақ зерделеу барысында штатты қысқарту бойынша кәсіби тұрғыдан жан-жақты кеңес беріп, барлық заңдылық негіздегі қадамдарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, менің және ұстаздардың құқықтарының қорғалуы үшін үлкен еңбек етті.
Қиын сәтте қолдау көрсетіп, дұрыс шешім қабылдауға бағыт-бағдар бергендеріңіз үшін зор ризашылығымды жеткіземін.
Ұйымның жауапкершілігі, адамгершілігі мен кәсібилігі көңілден шықты. Осындай сенімді қорған болғандарыңыз үшін Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымына шынайы алғыс білдіреміз!
Э.Досыбай,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 ЖББМ директоры