
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Атқару комитетінің отырысын өткізді.
Көшпелі отырыс Әулиелер мекеніне айналған Қаратал ауданында өтті.
Алқалы жиынды облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, жаңа оқу жылындағы туындаған бірқатар мәселелерге негіздеп, Атқару комитетінің күн тәртібін таныстырып, жұмыс регламентін бекітті.
Жиында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен жүктелген міндеттер, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс қорытындысы, Көксу аудандық кәсіподақ филиалының Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия жұмысы және Қаратал аудандық кәсіподақ филиалының қызметі туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Құлмұханұлы баяндама жасап, Жолдау жүктеген мәселелерге тоқталып, білім саласында орын алатын өзгерістерді нақтылап, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды тілге тиек етті.
Облыстық ұйымның бас маманы Маржан Қайратқызы кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жайында ақпарат берді. Аудандық, қалалық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында атқарылған ауқымды жұмыстар туралы айтты.
Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия жұмысы жайында Көксу аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Дина Нүсіпова баяндады. Сала қызметкерлерінің басым бөлігі әйелдер екенін айтып, олардың қауіпсіздігіне бақылау жүргізіліп, көп балалы және аз қамтылған аналардың жағдайына мониторг жасалғанын жеткізді.
Отырыста Қаратал аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Берік Абақов филиал жұмысын жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар кәсіподақтың негізгі қызмет бағыттарын жандандыру мақсатында алдағы жұмыс жоспарын көпшілікпен бөлісті.
Әр мәселе бойынша Атқару комитетінің мүшелері қаулылар қабылдап, қажетті шешімдер шығарды.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі