
ЖАҢА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Мектеп жұмысшыларымен кездесу барысында оларға түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Кәсіподақ мүшелігінің артықшылықтары:
- Құқықтық қорғау: кәсіподақ еңбек даулары кезінде көмек көрсетеді.
- Мүдделерді білдіру: кәсіподақ жұмыс берушімен жалақы, еңбек жағдайлары, жұмыс режимі және т. б. мәселелер бойынша келіссөздерде жұмысшылардың мүддесін білдіреді.
-Мектепті басқаруға қатысу: кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға құқылы.- Материалдық қолдау: қиын жағдайда көмек алу мүмкіндігі.
-Мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, санаторий-курорттық емдеу және демалыс.
Мектеп ұжымы кәсіподақ ұйымын құру керек деген шешімге келді.
Көпшіліктін ұсынысымен кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Әсемгүл Сұлтаева сайланды.
Жиналыста кәсіподақ ұйымының жұмыс органдары құрылды:
Келісу комиссиясы-қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы жеке еңбек дауларын қарайтын орган. Комиссия шиеленістерді сотқа дейін шешуге көмектеседі.
Тексеру комиссиясы-кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады, қаражаттың дұрыс жұмсалуын және
Жарғының сақталуын қадағалайды.
Мектеп ұжымының алдында әлеуметтік әріптестік туралы мәселе де талқыланды. Негізгі нысаны Ұжымдық шарт болып табылады, онда қызметкерлерге еңбекақы төлеу, көтермелеу, еңбекті қорғау, кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы уағдаластықтар көрсетілген.
Осы жиналысты ұйымдастырып көмектескен мектеп әкімшілігіне, директоры Колтай Калелханға, Ямышев және Заря мектептерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Гульяра Мусинаға және Камила Усербаеваға алғыс білдіреміз.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-