
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
24 қыркүйекте Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымында маңызды жиын – Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс көлеміндегі кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Атқару комитетін облыстық ұйым төрағасы Жандос Шайдулла ашып, кәсіподақ қозғалысының негізгі мақсат-міндеттерін атап өтті. Жиында облыс көлемінде атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланып, алдағы кезеңге қойылатын жоспарлар белгіленді.
Отырыста білім және ғылым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек құқықтарын қорғау, жаңа оқу жылына кәсіподақ ұйымдарының толыққанды дайындық барысы сөз болды.
Сонымен қатар, салалық кәсіподақтың бастауыш ұйымдарымен бірлесе жұмыс жүргізу тетіктері қаралып, қызметкерлердің құқығын қорғаудағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіподақтың бастамалары мен ұсыныстары тыңдалып, бірқатар нақты шешімдер қабылданды.
Бұл басқосу – кәсіподақ ұйымдарының ортақ мүддесі жолындағы жүйелі жұмыстың айқын дәлелі. Білім саласы қызметкерлерінің абыройын асқақтату, олардың кәсіби әрі әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз ету – кәсіподақтың басты мақсаты болып қала береді.
Атқару комитетінде қабылданған шешімдер алдағы жұмыстарға серпін беріп, кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталмақ.