
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕПТІҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы - Н.Абдулкаримова Жарма технологиялық колледж ұжымында Әлеуметтік әріптестік тақырыбында семинар өткізіп және «Педагог мәртебесі туралы» Заңына, «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Білім және ғылым министрінің № 190 бұйрығына түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында Н.Абдулкаримова әлеуметтік әріптестік жүйесі мен өкілдері, олардың негізгі міндеттері туралы атап өтіп, Бас, Салалық, Өңірлік келісімдердің міндеттері мен негізгі бағыттарын таныстырды және келісім шарттың барлық талаптары орындалуы керек екенін айтып өтті.
Соңдай-ақ, педагог мәртебесінің, педагогикалық әдептің негізгі қағидаларына тоқталып, заң талаптарын сақтап және бұзушылықтарға жол бермеу, мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселесі әрқашан ерекше назарда екені айтылды.
Сонымен қатар, Өңірлік келісімдердің, ұжымдық шарттың орындалуына, еңбек және еңбек қауіпсіздік заңдардын талаптарының сақталуы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілу барысында туындаған сұрақтарға заң аясында жауап беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Кездесудің соңында ұжымның еңбек озаттарына, кәсіподақ белсенділеріне «Еңбек озаты» төс белгілері, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары және колледж басшысы Б.Омаровқа «Белсенді әлеуметтік әріптес» төс белгісі табысталды.
Абай облыстық ұйымы