
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТАРТЫСТЫ ДОДА
Жұмысшы мамандықтары мен мамандардың беделін көтеру мақсатында Маңғыстау облыстық ұйымы Мұнайлы аудандық филиалы білім беру ұйымдарында қызмет ететін жұмысшылар арасында эстафета жарысын ұйымдастырды.
Қызықты да тартысты жарыстың төрт командадан тұратын қатысушылары әр бір тапсырманы орындап, төрешілерге жақсы көңіл күй сыйлады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында өткізілген жарыс соңында тренинг жүргізіліп, қатысушылар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Барлық қатысушыларға Мұнайлы аудандық филиалынан сыйлықтар және жүлделі орын алған комадаларға дипломдар табысталды.
Мұнайлы аудандық филиалы