
АДАЛ ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ!
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла Еңбек күніне орай білім беру саласында қызмет етіп жүрген кіші қызметкерлерді арнайы ұйымға шақырып, құттықтады.
Кездесу барысында еңбек адамдарын марапаттап, олардың күнделікті атқарып жүрген маңдай тер еңбегінің қоғам үшін аса маңызды екені атап өтілді.
Кіші қызметкерлердің адалдығы мен жауапкершілігі — оқу орындарындағы тәртіп пен тазалықтың, балалардың жайлы ортада білім алуына негіз болып отырғаны ерекше айтылды.
Ұйым төрағасы олардың еңбегін бағалап, жылы лебізін білдіріп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Бұл шараның басты мақсаты — әрбір қызметкердің еңбегін елеп-ескеру, еңбек адамына деген құрметті арттыру.
Барша еңбек адамын құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!
-
Фотографии
-