
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
26 қыркүйек күні Жаңаөзен арнайы мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оған қарсы іс-әрекеттерді күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында: «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Оның қоғамға тигізер зияны» атты баяндама тыңдалды; Мұғалімдер интерактивті сұрақ-жауапқа қатысты; «Адалдық пен әділдік» тақырыбында тәжірибелік бөлімі өтті;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен нақты мысалдар талқыланды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында ұйымдастырылған «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» сурет байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар «Әділетті Қазақстан!» номинациясымен марапатталды.
Белсенді кәсіподақ мүшелеріне алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.
Қорытынды сөзінде кәсіподақ төрағасы Наукебаев Ғабит Жанабергенұлы:
«Адалдық пен әділдік – әр адамның жүрегінен басталады. Жас ұрпақты әділетті, еңбекқор етіп тәрбиелеу – ұстаздардың қасиетті міндеті» – деп атап өтті.
Іс-шара «Адалдық – адамдықтың айнасы!» ұранымен аяқталды.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен арнайы мектебі.