
ЖАС ҰСТАЗДАРҒА ЖАҢА СЕРПІН
Ұстаздар күніне орай Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен жас мамандарға арналған «Сәтті қадам – жас маман» тақырыбында педагогикалық идеялар панорамасы ұйымдастырылды.
Бұл шараға еңбек өтілі 1–5 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысып, панорамалық сабақ үзінділерін көрсетіп, авторлық әдістемелік идеяларын ұсынып, заманауи интерактивті құралдарды қолданудың тиімді жолдарын таныстырды.
Іс-шара жас мамандарға кәсіби тұрғыда жаңа серпін беріп, педагогикалық шеберліктерін шыңдай түсуге мүмкіндік жасады. Сондай-ақ тәжірибе алмасуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және заманауи білім беру үрдістерін меңгеруге жол ашты.
Шара соңында қатысушыларға аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай мазмұнды бастамалар жас ұстаздарға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың кәсіби дамуына да тың серпін берері сөзсіз…
-
Фотографии
-