
ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы төрағасы Жандос Шайдулла, облыстық ұйым төрағасының орынбасарлары Ержан Исатаев және Бахтияр Абдураимов Түркістан қаласындағы Ататүрк атындағы №17 мектеп-гимназиясына арнайы барып, ұстаздар ұжымымен кездесу өткізді.
Жиын барысында кәсіподақтың білім саласындағы қызметкерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шаралары, еңбекақы мен жүктеме мәселелері, сондай-ақ кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла білім беру саласының қызметкерлеріне көрсетіліп отырған қолдау шараларын атап өтіп, алдағы уақытта да мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Мектеп ұжымы кәсіподақ басшылығына ризашылықтарын білдірді. Мұндай кездесулер білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға, ұстаздардың мәселелерін дер кезінде шешуге және кәсіподақ қызметінің тиімділігін көтеруге үлкен ықпал ететіні айтылды.
-
Фотографии
-