
ЕҢБЕККЕ ТАҒЗЫМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Еңбек күніне орай Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде, «Қарапайым мамандық – құрметті еңбек» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында білім саласына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Қарапайым еңбек адамдарының тынымсыз еңбегі мен жас ұрпаққа қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, құрмет көрсетілді.
Еңбегімен елге үлгі болып жүрген барша әріптестерімізді құттықтаймыз!
Қарапайым еңбек – ең ұлы құндылық, абыройлы міндет!
Әрбір еңбек адамы – қоғамның дамуы мен өркендеуінің тірегі, сондықтан олардың еңбегін дәріптеу, қадірлеу – болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.