
ҰСТАЗДАР КУБОГІ - 2025🏆
Ұстаздар күні қарсаңында, Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Мұғалімдер күні мерекесіне және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай «Ұстаздар кубогі - 2025» атты жайдарман ойыны өткізілді.
Жас педаготардың жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту және көпшілік ортада насихаттау мақсатында өткізілген шараға Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарынан 10 команда қатысты.
Командаларға кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы дипломдар мен кубоктар және қаржылай сертификаттар табысталды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен командалар төмендегідей орындарға ие болды:
Бас жүлдені №20-24 мектептерінен құралған «2024»;
Бірінші орынды №7 ЖББМ «Тағдыр»
Екінші орынды №11 ЖББМ «Тенге Land» және А.Құнанбаев атындағы №19 ЖББМ «Берибан»командасы,
Үш орынды №9 ЖББМ «ҰстазVibe»,
№10 ЖББМ «Ондықтың Оғландары»
№8 ЖББМ «Қашаған жастары» командалары канжығасына байбады.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық филиалы
-
Фотографии
-