
ҰСТАЗ - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ
Ақтөбе облысы, Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Мұғалімдер күніне орай ерекше мазмұнды шара өткізді. «Ұстаз — ұлттың ұлы тұлғасы» атты танымдық кешке еңбек өтілі 35 жылдан асқан ардагер ұстаздар шақырылып, білім саласына адал қызмет еткен абзал жандарға құрмет көрсетілді.
Кеш барысында ұстаздар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған жылдардан естеліктер айтты. Әсерлі әңгімелер мен жүрекжарды ойлар жиналған қауымды ерекше толқытты.
Шараның ең әсерлі тұсы – тосынсый сәті болды. Ардагер ұстаздар күтпеген жерден өздері тәрбиелеген түлектерімен, бұрынғы әріптестерімен, отбасымен және балаларымен жүздесті. Олар ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады. Бұл сәт ұстаз еңбегінің ұрпақ жүрегінде мәңгілік із қалдыратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кеш соңында білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан ардагер ұстаздарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.