
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
2 қазан күні Жаңаөзен арнайы мектебінде Ұстаздар күні салтанатты түрде аталып өтті.
«Ұстазға мың алғыс» атты мерекелік концертте ұстаздар қауымына арналған әсем әндер шырқалып, жүрекжарды тілектер айтылды.
Мереке ұстаздарымызға шаттық пен ерекше көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар ардақты ұстаздарымызға:
Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбаевтың
Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы А.Кумбаевтың
Маңғыстау облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызының құттықтаулары жеткізіліп, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
Жаңаөзен арнайы мектебі, Маңғыстау облысы