
ҰСТАЗДАР СЫЙҒА БӨЛЕНДІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Жаңаөзен қалалық филиалы, мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздар - ұлттың ұлы тұлғалары!» атты мерекелік шара ұйымдастырды.
Іс-шараға Жаңаөзен қаласындағы жалпы білім беретін мектептер мен бөбекжайлардың басшылары, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ мен жекеменшік мектептер мен балабақша басшылары қатысты.
Мерекелік кеш ұстаздарға ерекше құрмет көрсету рәсімімен басталып, барлық қонақтар қызыл жолмен жүріп өтіп, ұстаздық еңбектің абыройы мен мәртебесін айқындайтын салтанатты құрметке ие болды.
Шара барысында жылы лебіздер айтылып, ұстаздарға арнап құттықтаулар жолданды.
Кеш соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық филиалы.