
СПОРТ ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ ҰШТАСТЫРҒАН МЕРЕКЕ
Бүгін Ақтөбедегі Триатлон паркінде Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына арналған «Кәсіподақ RUN 2025» атты жаппай жүгіру ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 500-ден астам кәсіподақ мүшесі қатысты.
Жүгіруге Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері, аудандық және бастауыш ұйымдарының командалары және облыстық кәсіподақтар орталығының өкілдері мен мүшелері қатысты.
Салтанатты ашылудан кейін спортшылар мәреге аттанды. Әрбір еңсерілген қашықтық қатысушылардың табандылығы мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Спорттық шара соңында барша қатысушыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясы арнайы дайындаған медальдар табысталды. Сонымен қатар лотерея ұйымдастырылып, ақшалай сыйлықтар мен шипажайға жолдама табысталды.
«Кәсіподақ RUN 2025» атты жаппай жүгіру спорттық жарыстан бөлек, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ұйымшылдығының айқын үлгісіне айналды.
-
Фотографии
-