
КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІП, МАРАПАТТАР ТАБЫСТАДЫ
Түркістан облысының Сауран ауданында ұстаздар қауымына арналған «Ұстаз – ұлт рухының шамы!» атты салтанатты мерекелік шара кең көлемде аталып өтті. Иқан мәдениет үйінде өткен жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, педагогтар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында ұстаздардың қоғамдағы мәртебесі мен ерен еңбегіне айрықша құрмет көрсетілді. Мерекелік кеш бүлдіршіндердің өнерімен басталып, ұстаздарға арналған бейнеролик көрсетілді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы, Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Исатаев Ержан Ибадуллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға ерекше ілтипат білдірді. Ол белсенді мектеп директорларын кәсіби мерекемен құттықтап,
Кәсіподақ төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызының атынан «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.
Сонымен қатар, ардагер ұстаздар Балтабай Жарылқасынов пен Баян Қияқова сахна төрінде жылы лебіздерін білдірсе, облыстық мәслихат депутаты Тоймахан Баймаханұлы ұстаздардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті.
Кеш ұстаздарға арналған әсем әндермен, бүлдіршіндердің билерімен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
-
Фотографии
-