
ҰСТАЗДАР КҮНІ – ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕ
Түркістан облысының Төле би ауданында Ұстаздар күніне орай барлық мектептерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әрбір білім ордасында ұстаздарымызды ерекше құрметпен қарсы алып, мерекелік концерттер, әсем әндер мен жылы тілектерге толы бағдарламалар өтті.
Мерекелік салтанатты жиында сөз сөйлеген, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Майлыбаев Ерменбай Қасымұлы ұстаздардың қоғамдағы мәртебесі мен еңбегін айрықша атап өтіп, кәсіподақ атынан үздік ұстаздарға Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыстады. Бұл марапат – ұлағатты ұстаздардың еңбегіне берілген лайықты баға болды.
Сонымен бірге мерекеге орай ұстаздар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ұжымдық бірлік пен достықтың айқын үлгісі көрініс тапты. Жүлдегер ұстаздарға да кәсіподақ атынан құнды сыйлықтар берілді.
Ұстаз – жас ұрпақтың шамшырағы, қоғамның тірегі.
Төлеби ауданында өткен мерекелік іс-шаралар ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлап, олардың мәртебесін тағы да асқақтата түсті.
Барша ұстаздарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Фотографии
-